МТРА жаңалықтары

Елімізде “Үлкен мемлекет – үлкен отбасы” жобасы аясында аймақтық семинарлар бастау алды

Сол себепті, қазір аймақтарда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша азаматтардың білімдерін арттыру семинарлары өткізілуде. Мәселен, ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков жерлестерінің алдында қоғамда орнаған бірліктің маңыздылығын айтуда.

Анатолий Башмаков – ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы:

– Солтүстік Қазақстанның тұрғындары өзара татулығымен және бір-біріне деген сыйластығымен ерекшеленеді. Міне, дәл осы қасиеттерді біз сақтап қалуымыз қажет. Және жас ұрпақты да осыған тәрбиелеу керек.

Аталмыш шара елімізде өткен жылы бастау алып, 6 облыста ұйымдастырылған. Ал биыл мұндай семинар 4 өңірде жүргізілмек. Алғашқысы Солтүстік Қазақстанда жоспарланыпты.

Гүлнұр Оразбекова – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы:

– Осы республикалық дәріснаманың аясындағы мақсатымыз – ҚХА рөлін көрсету. Семинар аясында тренингтер мен сауалнамалар да жүргізіледі.

Семинар облысымызда 3 күнге созылмақ. Бұл уақыт аралығында дәріскерлер Петропавл мен өңіріміздің бірнеше аудандарын аралап, тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Ал Мамыр айында бұл көш Павлодар облысына бет алмақ.

 

Айгерим Ержанова