МТРА жаңалықтары

Биыл СҚО-да 1446 пәтер қолданысқа берілмек

Владислав Лукин – СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Өңірде несиелік тұрғын үй тұрғызу жұмысы жалғасатын болады. Ол үшін былтырғы бөлінген қаражат жұмсалмақ. 2016-шы жылы Ұлттық қордан 10 көпқабатты баспана салуға 34 млрд теңге қарастырылды. Оның 3-уі өткен жылы қолданысқа берілген. Қалған 7-уі ағымдағы жылдың бірінші жартысында тапсырылады.

Көпқабатты тұрғын үйлердің 2-уі Жәлел Қизатов көшесінде, тағы 5-уі Береке ықшам ауданында орналасқан. Ондағы құрылыс толығымен аяқталған соң ағымдағы жылдың бірінші жартысында 603 солтүстікқазақсандық жаңа пәтерлерінде қоныс тойын тойлайтын болады. Айту керек, «Нұрлы жер» бағдарламасында әлеуметтік әлжуаз топты да баспанамен қамту көзделген.

Владислав Лукин – СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

 


–  Әкімшілік сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру ісі әрі қарай дамитын болады. Бұл ретте қазір облыс орталығындағы Жуков көшесінде 4 баспананың құрылысы басталды. Ол үшін 1,6 млрд теңге қаражат бөлінген.

Ал биыл Солнечный кентіндегі жеке тұрғын үй құрылысына 740 жер учаскесі берілетін болады. Оларға қажетті инфрақұрылым тарту үшін ел қазынасынан 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бір ерекшелігі, аталған ауданда тұрғызылатын үйлер біркелкі болмақ.
Айту керек, жыл соңына дейін өңірде жалпы көпқабатты 16 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде. Осылайша, баспана кезегі облысымызда 1446 орынға қысқармақ.

Айгерім Ержанова