Спорт

Петропавлда көру кемістігі бар жандар арасында үстел ойындарынан жарыс өтті

Еркебұлан Аманжолов – Петропавл қаласының “Қазақ зағиптар қоғамы” ҚБ төрағасы:

– Мен 2004 жылдан бері тоғызқұмалақ ойына ден қойдым. Сол кезден бері әжеп тәуір жетістіктерге жеттім.

Бұл жандар тоғызқұмалақтан бөлек, дойбы, шахмат сынды үстел ойындарынан ой жарыстырды. Облыстық жарысқа барлығы 30 адам қатысуда. Біразы Аққайың, Қызылжар аудандарынан келген.

Салтанат Мұқанов – жарыстың бас төрешісі:

– Көзі нашар көретін жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Бұл шара дәстүрге айналды десе де болады.

Айта кеткен жөн, жарыста топ жарғандары қыркүйектің 13-і күні Атырау қаласында өтетін спартакиадаға жолдама алмақ. Аталмыш сайыста мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 14 түрі бойынша сайысады.

 

Тогжан Акмагамбетова