Қоғам

Петропавлда аулалардан қар шығару жұмыстары жүргізілуде

Ал биыл мұндай жағдай қайталанбас үшін тұрғындар ауладағы ақ ұлпаны өз күштерімен шығара бастаған. Қыста олар қар тазалайтын техника да жалдапты. Бірақ, жуырда жергілікті әкімдікке барып қолдау көрсетуді сұраған. Көп ұзамай мамандар Бостандық көшесіне екі бірдей машина жіберген. Енді міне, олар таңнан бері ауладағы ақ ұлпаны сыртқа тасып әлек.

Александр Островной – «Бокир» ПИК басқарма мүшесі:

– Біздің үйіміз сәл төмендеу орналасқан. Сондықтан, барлық еріген су біздің аулаға жиылады. Енді биыл мұндай жағдай қайталанбайды деген ойдамын. Өйткені, оның алдын алу үшін ауладағы қарды тазалау үстіндеміз. Тұрғындар да көмекке келді.

Қазір дәл осындай жұмыс шаһарымыздың бірнеше ауласында жүргізілуде.Өйткені, тек Бостандық, Жабаев және Абай көшесінің тұрғындары ғана өз аулаларындағы қарды шығаруға атсалысуға келісім берген. Ал өзге қалалықтар қолдарына күрек алып, ұйымшылдық танытуға асығар емес.

Ирина Яуфман – «Эврика» ПИК төрайымы:

– Бостандық көшесі 22-ші үйдің тұрғындары таңнан бері қар тазалауға шықты. Тіпті, маңайдағы барлық машиналар да алынды. Біз ауладағы ақ ұлпаны техникаға артуға көмектесу үстіндеміз. Бұл өзіміз үшін керек. Ауламыздың тезірек кеуіп, тазарғанын қалаймыз.

Таңның атысымен жұмысқа кетпей тұрып, бұл үйдің 10-нан астам тұрғыны ауладағы қарды тазалауға атсалысқан. Түске дейін ғана мына жерден 15 камаз ақ ұлпа шығарылыпты.

Жалпы қыс басталғалы бері облыс орталығынан 742 мың текше метр ақ ұлпа сыртқа шығарылған. Аталған жұмыс шаһарда әлі де жалғасуда. Ол үшін күн сайын 50 техника мен 130 адам жұмылдырылуда.

 

Айгерим Ержанова