МТРА жаңалықтары

Оқушылар кәсібилігін көрсеткен байқау

Жансерік Дәулетбаев, байқауға қатысушы:

– Маған ағаш жонған ұнайды. Үйде де әкеме осындай бұйымдарды жасап көмектесемін. Байқауда жеңемін деп ойлаймын.

Кәсіби шеберлік байқауы аспаздар арасында өзгеше өрбіді. Олар тағамды тәбетті ашатындай дәмді етіп орындаулары тиіс. Қатысушылар үй тапсырмасына тәтті кекстер пісіріп әкелген. Ал, мұнда не әзірлейтіндерін алдын ала білген жоқ.

Мадина Байкадамова, байқауға қатысушы:

– Бірінші тапсырма – тұшпара әзірлеу. Оны дайындап қойдым. Одан кейін қырыққабат пен сәбізден салат әзірлеу керекпіз.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өтіп жатқан байқауға бас- аяғы 40 оқушы қатысуда.

Наталья Новикова, қазылар алқасының мүшесі:

– Сайыс аспаздар, ағаш шеберлері және тігіншілер арасында өтуде. Петропавлдан бөлек аудан мектептерінен 6-10 сынып аралығындағы оқушылар жиылды. Үш сағат ішінде барлық тапсырмаларды орындаулары тиіс. Өз мамандығына сай киініп, тапсырманы бұлжытпай орындаған қатысушы жеңіске жетеді.

Оқушылар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы Петропавлда осымен 17-ші мәрте өтіп отыр.

 

Акбопе Танирберген