МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихаттың ХІІІ сесиясы өтті

Халық қалаулылары жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру және аббаттандыру шараларын жүргізген. Бұдан соң, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалу барысы жайлы сөз қозғалды. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тыйылмай тұр. Өткен жылы өңірде 56 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген.

Нығметжан Сапаров – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Бұдан мемлекетке 160 млн теңгеге жуық шығын келген. Тағы күдікті тұлғалардың 1 млрд теңгеден астам сомаға жақын мүлігіне тыйым салынды. Осы уақыт аралығында 41 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның 10-ы бірінші басшылар екен. Жасалған заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі – пара беру, қызметін асыра пайдалану және бюджет қаржысын жымқыру фактілері.

Тағы 100 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның 11-і жұмыстан босатылса, 12 мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс жарияланыпты. Алдын алу жұмыстары да жасалып-ақ жатыр. Айталық, өткен жылы 1394 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыруы тиіс болатын. Бірақ, біздер жоспарды 27 пайызға асыра орындаппыз. Десе де, бұл көрсеткіштің өзі барлық бірдей органдарда тіркелмеген.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Өткен жылы кей мемлекеттік органдар қызметкерлерін оқыту бойынша берген өтініштерін толық орындамады. Ондай жағдайлар Қызылжар, Айыртау, Шал ақын, Уалиханов, Есіл, М.Жұмабаев, Ақжар аудандары мен Петропавл қаласында тіркелген. Тағы мұндай жайттар мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаменттерінде орын алды.

Жиында екінші сауал бойынша сөз алғандар бармақ басты, көз қыстылықпен бірлесіп күресу керек дейді. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Кейін сессия отырысында қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін тағайындау, қала мен елді мекендерді аббаттандыру шаралары бойынша қағидаларды бекіту сынды 20 сауал қарастырылды.

 

Магжан Ахмадина