Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда суағарлар мен кәріздік жүйе құбырлары тазалануда

Мұндай олқылықты болдырмау үшін “Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” кәсіпорнының мамандары ақпан айының 20-сынан бастап жұмыс істеуде. Олар күніне қаламыздың бірнеше ауданын аралап құбырлар бойын күл-қоқыстан тазалайды, арнайы көлікпен келіп ауладағы еріген қар суын сорып әкетеді екен. Мәселен, қазір инженерлер Жамбыл көшесінде еңбектенуде. Бұл жерде Ресейден жеткізілген машинаның көмегімен жұмысшылар кәріздік жүйе ішінде қатқан мұзды жібітуде.

Павел Булева – “Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” ШЖҚ МКК директоры:

– Бұл көлікті Екатеринбург қаласынан жалға алдық. Оның қуаттылығы біздегі машиналардан 10 есе жоғары. Техника атмосфералық қысым арқылы құбыр бойындағы қатқан мұзды оңай жібітеді. Жаңа Жұмысшы кентіндегі біраз кәріздік жүйлерді тазарттық. Енді, орталыққа барамыз.

Сондай-ақ, мамандар осы күнге дейін ашық жатқан 38 шақырымға жуық суағарды аршыпты. Осылайша кәсіпорын өздеріне тиесілі жұмыстың 90 пайызын тындырған.

Павел Булева – “Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” ШЖҚ МКК директоры:

– Қазір бізде су соратын 5 көлік бар. 1 машинамыз кәріздік жүйелерді шайса, тағы 1-еуі мұзды бумен ерітеді. Мамандарымыз 2 бригадаға бөлініп күндіз-түні еңбек етуде. Біз қала тұрғындарының өтініші бойынша қажетті жерге барып, қызмет көрсетеміз.

Жалпы, Петропавлда суағарлар мен кәріздік жүйе құбырларын тазалау жұмыстары сәуір айының 1-ші жұлдызына дейін аяқталады.

 

Култанов Байболат