МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыстық мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлау өтті

Жұмабике Оразбаева – қала тұрғыны:

– Арнайы шақырту алғасын, бірден келіп дауысымды беруді шештім. Халық қалаулысын таңдау – менің азаматтық парызым. Бұл – халық үшін маңызды шара. Сайлаудан ешқашан қалыс қалған емеспін.

Дауыс беру 28-ші сайлау округінде өтті. Жаңа депутаттың кім болатынын 13,5 мың қалалық анықтауы тиіс. Халық қалаулысы боламын деген үміткер – үшеу. Екеуі – өз-өзін ұсынса, бірі “Нұр Отан” партиясының өкілі екен.

Күлжан Шопанаева – 664-сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Округте 9 учаске бар. Оған 1605 адам кіреді. Таң атқаннан дауыс берем деп кедгендер саны толассыз.

Бұл күні халық қалаулысын анықтау үшін 8 мыңға жуық петропавлдық дауысын берді. Оның 71-пайызы Қалалық жастар бастамалары орталығының нұсқаушысы Екатерина Старостинаны таңдаған.

Акбопе Танирберген