Қоғам

Тайынша ауданында 100 жастағы кейуана тұрады

Юзефа Бурачевская – Кременчуг селосының тұрғыны, Тайынша ауданы:

– 1942 жылы біз тұратын Беларуссияның Брест облысын неміс әскері басып алды. Темір жолдар, түрлі нысандар жау қолына өтті. Сол кезде немістер поляк тілінде сөйлегендерге тиіспеді. Мен полякша жақсы білгендіктен аман қалдым деп айтуға болады. Сондықтан, қарсылас жақтың жауынгерлерімен емін-еркін тілдесіп, олардың әзірлеген жоспарын біліп алатынмын. Кейін, оны Кеңес әскеріне жеткізетінмін.

1963 жылы Юзефа Бурачевскаяның отбасы тың игеруге Беларуссиядан Қазақстанға қоныс аударады. Кейін, нәзік жанды Кременчуг селосында сатушы болып қызмет етен екен. Бүгін ғасыр жасаған мерейтой иесін Тайынша ауданың әкімі Ержан Иманслямов арнайы құттықтап келді.

Кейуананың анасы да 108 жасқа жетіп, көз жұмған екен. Ұзақ жасаудың сыры дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдануда дейді, – Юзефа Казимировна. Бүгін мерейтой иесінің құрметіне орай үйге әулеттің үлкен-кішісі тегіс жиылып отыр. 4 жастағы Настя есімді шөбересі әжесін құттықтап, өлең оқып берді.

Юзефа Бурачевская 3 қызынан 11 жиен мен 15 жиеншар сүйіп отыр.

 

Култанов Байболат