Әр түрлі

24 наурыз – Халықаралық депрессияға қарсы күрес күні

Соның салдарынан адам баласы қатты жабығып, жұмысқа деген талпынысы жоғалып, қарапайым өмір салты өзгеріске ұшырайды. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”,- демекші, күйзеліс белгілерін байқаған жағдайда бірден мамандар көмегіне жүгінген дұрыс. Олар әр адамның эмоционалдық жағдайын байқап, кешенді ем-дом шараларын бекітеді.

Татьяна Афонькина – Облыстық психоневрологиялық диспансердің дәрігер-психиатры:

– Күйзеліс – адамның эмоциялық жағдайы. Бүгінгі таңда оған жасы 40-тан асқандардың әрбір оныншысы шалдыққан. Басым бөлігі – әйел адамдар. Сондай-ақ, бұл кесел жасөспірімдер арасында кең таралуда.
Өз бойынан депрессияның белгілерін байқаған адам мамандар көмегіне жүгінсе, терең күйзелістің алдын алуға болады. Біз алдымен толық диагностика жүргізіп, пайда болу себептеріне үңілеміз.

 

Эльмира Садуакасова