МТРА жаңалықтары

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасы да құттықтайды

Қарлығаш Бейсенова – жеке сот орындаушылардың аймақтық палата төрайымы:

– Аймақтық палата өз тарапынан Натальяға шетел асып кеткен көкек әкеден қарызды қалай өндіріп алу тәртібін түсіндіріп, тиісті көмек көрсетуді ұйғарды. Ол үшін азаматша жеке сот орындаушысына алимент өндіріп алу жөніндегі құжатты тапсыру керек. Кейін қарыз есептелінеді. Бұдан соң Наталья Гриценко облыстық сотқа барып, бұл құжаттың Ресей елінде жүзеге асырылуы үшін арыз жазады. Себебі, қазіргі таңда көкек әке сол мемлекетте тұрып жатыр.

Бұдан бөлек жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасы Наталья Гриценкоға көмектің басқа түрін ұсында. Ұлысты ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында жалғыз басты анаға алғашқы тұтынымдағы азық-түлік пен ақшалай қаражат табыстады.

Наталья Гриценко:


–  Қызымның әкесі көмектесемін деп уәдесін берген болатын. Алайда Ресейге қашып кетті. Басында есеп айырысатын карточканы берген. Бірақ оған бір тиында түскен жоқ. Әрине өмір сүру қиын. Пәтерді жалдап тұрамыз. Бұрын қоғамдық көлікте кондуктор болып қызмет еткенмін. Бірақ жұмыс уақытым бала күтімімен айналысуға қиындық туғызды. Сөйтіп балабақшаға тәрбиешінің көмекшісі болып орналастым. Осылай көмек көрсетіп жатқан жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасына шексіз алғысымды айтамын.

Жалпы жыл басынан жеке сот орындаушыларына 50 мыңға жуық өндірістік құжат келіп түскен. 5 мыңнан астам іс қанағаттандырылған.

Риат Шони