МТРА жаңалықтары

Өңір судьялары Наурыз мейрамын атап өтті

Көктемнің шуақты мерекесін судьялар бар сән-салтанатымен атап өтуде. Жайылған дастархан да толып тұр. Келген қонақтар бұл жерден бауырсақ пен бәрәміш, ет пен Наурыз көжеден де дәм татты.

– Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығымен және тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Ұлттық тағамдардың негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт және нан өнімдері құрайды. Ал мынау – жент. Оның құрамына не кіреді? Қалай жасалады? Аңсаған Қадыржанқызы сіз айтып берсеңіз?

Аңсаған Нұртаева – Мамлют аудандық сотының бас маманы:

– Қоспаны жасау үшін екі күн қажет. Ең алдымен ірімшік дайындалады. Қант пен миіз-өріктер де қосылады.

Бұл залда барлығы 4 киіз үй жайғасқан. Әрқайсысының атауы бар екен. Мәселен, мына жердегісі – «Бәйтерек ауылы» деп аталыпты. Мұнда Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарының судьялары отыр. Бүгіні мерекеде олар тұсау кесу рәсімін көрсетпек. 1 жасқа енді ғана толатын Сұлтан мен оның ата-анасы үшін бұл мейрам ерекше есте қалмақ. Өйткені олар бүлдіршіндерінің алғашқы қадамын әріптестерімен көруді жөн санаған. Ал балақайдың тұсауын қазақы салтпен, еліне адал ер азамат болсын деп облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов кесті.

Рәсімнің шынайы өткізілуі – бұл «Бәйтерек ауылының» басты ерекшелігі. Десе де бұл олдардың жалғыз қуанышы емес. Наурыз мейрамын пайдалана отырып, олар әріптестері Асель Киликбаеваға да құда түсіріп, сырға салды. Биылғы жылдың жазында ол Айдархан Ақбаевпен отау құрмақ ниетте екен.

Бердібек Мұстафин – СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

– Бүгін біз дәстүрлерді шынайы өткіздік. Әріптестеріміз де жазда үйленбек.

Бұл күні ұлттық ойынды жаны сүйетіндер де бос отырмады. Қыз-келіншектер отыра қалып дойбы ойнаса, ер азаматтар мына жақта күштерімен сынасты. Кейін арқан тартысып та жарысты.

Мерекелік той-думаннан соң өңір судьялары облысымыздағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әз-Наурызбен құттықтамақ.

Айгерім Ержанова