МТРА жаңалықтары

Наурыз көже – Ұлттық тағам

Жанат Бердалиева:


– ЖҮгері жармасы, Бидай, құрт. БҰл бааллардың бойына қуат береді. Дәрумендер көп.

Сүрленген қазыны әбден пісіріп алып, қалған дәмдерді сорпасына қайнатады. Дайын болғанда қышқыл дәм беріп тұратын айран мен құртты езіп қосу керек. Әрі кетсе 40 минуттың ішінде әзір болады. Қазақтың жол-жоралғысын білетін келін алдымен мерекелік астан үлкендерге дәм татырды.

Пердегүл Ибрагимова:

– Бүгін міне жастар шақырып жатыр. Қуаныштымын. Мен де енемнен үйренген едім. Бүгін бізден үйрегне жастра, басқа балаларға үйретуде.

Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақыру қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Оған сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдіреді. Жиылғандар үй иелерінің құрметіне риза болып, Наурыз көжені ерекше дәмді шыққанын айтып, мақтасып жатты.

Аналары әзірлеген ерекше ұлттық тағамды ұлдары Балжігіт пен Нұржігіт сүйіп ішеді. Ал, қызы Гүлденге қазірден ас дайындап үйретуге тырысамын дейді.

Жанат Бердалиева:

– Маған енем мен анам үйретті. Енді өз қызыма үйретім жүрмін.

Мерекелік дастарханнан дәм татқан ауылдастары мен көршілері үй иелері Жанат пен Абрасыл Бердалиевтерге ұлттық құндылықтарды ұмытпай жаңғыртып отырғандарына алғыс білдірді. Ақ жаулықты әженің ас қайырып берген батасына отырғандар қол жайды.

Ақбөпе Тәңірберген