МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ Әскери институтының құрылғанына – 20 жыл

Бүгін мұнда үлкен мереке. Себебі 20 жыл бұрын дәл 18 наурызда Президенттің Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ішкі әскерлері жоғары әскери училищесін құру туралы қаулысы шықты. Ел қорғанын даярлайтын оқу орнын ашу таңдауы теріскей жеріне түсуі кездейсоқ емес. Жігіттер солтүстік климаттық жағдайында тәрбиеленіп, әскери шыңдалып шығатыны ескерілген екен.

Жұмабек Ахметов, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының бастығы:


– Әскери институттың тарихын бірнеше кезеңдерге бөлеміз. Алғашқысы 1997-2001 жылдар аралығы. Еліміз үшін стратегиалық маңыздағы Жоғары Әскери училищесінің құрылу кезеңі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен курсанттарды жидық. Алғаш офицер дайындап шығардық. Келесісі – 2002-2009 жылдар. Халықаралық келісімшартқа сай Тәжікстан және Қырғызстан елінің курсанттарының келіп оқи бастауы. 2009 жылы ҚР ҰҰ Әскери итституты деп атауын өзгертті.

Оқу орнын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап келгендер көп. Сала ардагерлері, өзге өңірлердегі офицерлер, ҚР ҰҰ қолбасшылығы бар. Әскери институтта еңбегімен ерекшеленгендерге облыс әкімінің алғыс хатын табыстаған орынбасары – Анархан Дүйсенова Құмар Ақсақаловтың құттықтауын да жеткізді.

Әскери институттың көзге түскен қызметкерлеріне мерейтойлық төс белгілері, әскери сағаттар мен алғыс хаттар табысталып жатты. ҚР ҰҰ Бас қолбасшысының атынан ұжымға автобус көлігі сыйға тартылды.

Осы 20 жыл ішінде Ұлттық Ұлан әскери институты дайындап шығарған 2900 офицер бүгiнде елiмiздiң күш құрылымдарында адал қызмет атқаруда. Оның бірі – Самат Арғынбаев. Ол – иституттың алғашқы түлегі.

Самат Арғынбаев, ҚР ҰҰ “Орталық” өңірлік қолбасшылығы командирінің орынбасары:

– 97-ші жылы түстім. 2001-ші жылы бітіріп шықтық 7 мамандық бойыншы. Қазір айрқасысымыз әр салада тер төгіп жатырмыз.

2001 жылы оқу орнын алғаш рет 167 офицер бітіріпті. Ал, қазір жылына 200-ден артық курсант лейтенант шенін алып шығады. Сап-түзегеген бүгінгі курсанттардың әрқайысы да ҚР ҰҰ Әскери институында білім алатындарын зор мақтанышпен айтады.

Заңғар Қыдырәлі, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанты:

– Мен әскери институтта оқитыныма қуаныштымын. Мақтан тұтамыз.

Нұрдәулет Оралтау, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанты:


– Барлық офицерлер мен курсанттарды оқу орнының мерейтойымен құттықтаймын.

ҚР ҰҰ Әскери институтында 16 жыл қатарынан офицерлер шығарылымы болды. 7 мамандық бойынша білім алған олар Қазақстанның әр түкпіріндегі әскери бөлімдерде тер төгіп жүр.

Акбопе Танирберген