МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Макулатура тапсыр да, ағаштың өмірін сақтап қал” акциясы жалғасуда

Манап Серікбаев:

– 4 баланы ер адамға өсіру өте қиын. Басқа түскен қайғыға моймай ұл-қыздарымды жеткізу үшін тырысып жатырмын.

Наурыз мерекесі қарсаңында бұл отбасыға облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен “Вторсырье” серіктестігінің мамандары келді. Олар жанұяның үлкен қызы – Лираға көктемде киетін етік алып келіпті. Бұл сыйлыққа жеткіншек дән риза. Езуіне күлкі үйірілген балғын жаңа аяқ киімін асыға киіп, әкесіне қуана көрсетіп үй ішінде жүріп те көрді. Қаламызда мұндай қайырымды іс “Макулатура тапсыр да, ағаштың өмірін сақтап қал” акциясы аясында жүзеге асып отыр.

Жанна Бәшенова – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

– Қазіргі таңда акция аясында қаламыздағы 10 мектепте қағаз қалдықтарын жинайтын урналар орнатылған. Алдағы уақытта олардың саны артпақ. Арнайы жәшіктерге жиналған қағаздарды «Вторсырье» серіктестігі іске жаратып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсайды. Бүгін игі істен түскен ақшаға 2 отбасыға арналған сыйлығымыз бар.

Бұған қоса қонақтардың балаларға әкелген түрлі тәтті-дәмділері де бар. Үстелге жайғасқан ұл-қыздар бұл сыйлықты өзара бөлісуде.

Жалпы, Петропавлда “Макулатура тапсыр да, ағаштың өмірін сақтап қал” акциясы ақпан айының соңында бастау алған болатын.

Жәмиля Байженова – “Вторсырье” ЖШС менеджері:

– Акциға №7-ші орта мектеппен бірінші гимназия белсенді ат салысуда. Игі істен біз 1 мың тоннадан артық қағаз жинадық. Оны іске жаратып, 20 мың теңгеге жуық қаражат алдық. Бұл сомманың барлығы қайырымдылыққа берілді.

Айта кеткен, бұл шарапаты мол шараға кез-келген қала тұрғыны ат салыса алады. Ол үшін адамдар өздерінің подъездеріне “Вторсырье” серіктестігі мамандары арқылы урналар орнатқызып, ұдайы қағаз жинап отырса болғаны.

 

Култанов Байболат