МТРА жаңалықтары

Әскерилер мерейтойлық гала-концерт ұйымдастырды

Айту керек, әскери хор да жуырда ғана жасақталған. Қазір мұнда 30 жас сарбаз ән шырқайды. Бәрі де 1-ші курстың курсанттары. Бұл қатарда әкесінің жолын қуып, әскери азамат атанам деген елордалық Жігер де бар.

Жігер Ақан – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:


–  Біз “Әскери институт” деп аталатын ән шырқады. Бұл барлық әскеридің рухын көтерп, патриоттық сезімді оятатын туынды.

Қатаң тәртіппен және бір ізбен ғана жүретін курсанттар бос уақыттарын пайдамен өткізеді. Бірі – шығармашылық үйірмеге барса, енді бірі – спорт секцияларына қатысады. Оңтүстік Қазақстаннан келген Нұржігіт институтқа түскелі самбомен айналысады екен. 4 жыл ішінде ол түрлі деңгейдегі жарыстарда Әскери институттың намысын қорғап, жеңімпаз да атанған.

Нұржігіт Амиров – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:


–  Екі жыл қатарынан институтта самбодан чемпион атандым. Күш құрылымдары арасында өтетін Динамо жарысында да бірнеше мәрте жеңімпаз атандым.

Бүгінде аталмыш оқу орнында курсанттардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Мұнда білім алушылар қазір облыстық және республикалық түрлі байқаулар мен жарыстарға жиі шығып тұрады. Өйткені, болашақ офицерлер жауынгерлік шеберліктерін шыңдап қана қоймай, рухани және мәдени тұрғыда да білімдерін толықтырып отыру керек дейді Әскери институттың бастығы Жұмабек Ахметов.

Жұмабек Ахметов – ҚР ҰҰ ӘИ бастығы:

 


–  1997 жылы Елбасымыз бізге келіп әскери туды табыстады. Содан ері 20 жыл өтті. Бұқл уақыт аралығында әскери институттан 3мыңға жуық әскери азамат түлеп ұшты. Олардың 200-ден астамы қызыл дипломмен аяқтады.

Қазір ҚР ҰҰ ӘИ-нда 1000-ға жуық курсант 7 түрлі мамандық бойынша білім алуда.

Айгерім Ержанова