Мәдениет

Жерлес әншілер жүлделі оралды

Руслан Мұстафин:

– Қазылар алқасында өнер қайраткерлері отырды. Менің өнерімді жоғары бағалады. Екі кезеңде 7 ән орныдадым.

Сөйтіп, Руслан “Академиялық ән салу” аталымында үздік танылды. Шәкірті Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Ресей, Әзербайжан елінің 50-ге жуық күміс көмейімен бақ таластырып жатқанда тақымын қысып отырған жан – ұстазы Мұрат Ибраев. Тәлімгердің тәрбиленушісінен күтері көп.

Мұрат Ибраев, Өнер колледжі музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені ән салу бөлімінің меңгерушісі:

– Бізге оқуға түскеннен менің сыныбымды. Ұзақ дайындалдық. Одан күтерім көп.

Халықаралық додаға Петропавлдағы өнер колледжінен 5 әнші қатысқан. Бәрінің бірдей бағы жанбапты.

Мұрат Ибраев, Өнер колледжі музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені ән салу бөлімінің меңгерушісі:

– Дамиля Габдулина да бірінші орын алды. Ал, тағы бір шәкіртіміз – Дамель Ортамышева диплом алды.

4 күнге созылған байқаудан енді оралған әншілердің демалуға уақыттары жоқ. Санаулы күннен кейін Елордада өтетін республикалық байқаудың дайындығына кірісіп кеткен.

Акбопе Танирберген