МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жұлдызай” республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңі өтті

Сандуғаш Молдағалиева – №13 орта мектептің 7-ші сынып оқушысы:

– Жұмысымды 3-4 күннің ішінде жасадым. Маған мұғалімім көмектесті.

Тағы, байқауда басқа да дарынды ұл-қыздар “вокалдық ән айту” аталымы бойынша сынға түсуде. Сахнада түрлі жанрдағы туындыларды шырқаған жандардың өнеріне қайран қалуға болады. Әсіресе, №23 орта мектептің 6-шы сынып оқушысы Лида Чеботарева жиналғандарды өзінің тамаша дауысымен таң қалдырды.

Лиданың арқасына дәрігерлер туғаннан бастап 4 рет ота жасап, арнайы құрылғы орнатыпты. Дегенмен, ән шырқауға жеткіншек бала күннен әуес екен.

Лида Чеботарева – №23 орта мектептің 6-шы сынып оқушысы:

– Бұл әнді бұрыннан бері орындағым келіп жүрген. Енді, міне сәті түсті. “Мама” деп аталын туынды жиналғандарға ұнаған сяқты. Өзім 10 жасымнан бастап ән шырқаймын.

Тағы, “Жұлдызай” республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңінде жастар бейнелеу өнері және би билеуден сайысты. Олардың шеберліктерін қазылар алқасы бағалады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында осымен 11-ші рет ұйымдастырылған байқауға 36 ұл-қыз қатысып отыр.

Сәуле Анапьянова – Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Фестивальдің қалалық кезеңіне 8 мектептен келген оқушылар қатысуда. Талап бойынша олардың жастары 10 мен 18 жас аралығында болуы тиісті. Үздік шыққандар облыстық сайысқа қатысады. Ол байқау наурыз айының соңында өтеді.

Фестиваль соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Култанов Байболат