Құқық қорғау органдары

Петропавлда кезекті жалпыгарнизондық сап түзеу өтті

Нұрбек Байлин полиция қатарына осыдан 9 жыл бұрын келген. Бұл уақыт аралығында ол талай қылмыстың бетін ашқан. Соңғысы ақпан айында орын алыпты. Тәртіп сақшысы небәрі 15 минут ішінде бұзақыны қолға түсірген.

Нұрбек Байлин – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының бөлімше командирі:

– 2008-ші жылдан полиция қатарындамын. Күн сайын түрлі қиыншылықтар болып тұрады. Ақпан айында кезекті кезекшлікке шыққанда бір бұзақыны ұстауға тура келді. Ол бір адамды сабап кеткен. Кінәсін мойындады. Қалтасынан пышақ та табылды.

Жалпы күн сайын облыс орталығында қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында 100-ден астам тәртіп сақшысы шығады. Ал келер Наурыз мейрамында олардың қатары еселене түспек.

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД ЖПҚ бастығы:

– Бүгінде қала бойынша 30 бағыт белгіленді. Полицейдің әрқайсысына тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тиісті тапсырмалар да жүктелген. Наурыз мейрамында тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген кезекшілікте болады. Оларға Ұлттық Ұланның сарбаздары көмекші болмақ.

Жалпы мұндай саптық байқау айына бр мәрте ұйымдастырылып тұрады. Осылайша, қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісетін азаматтар мен техникалардың дайындығы пысықталып отырады.

 

Айгерим Ержанова