Аптадағы маңызды жаңалықтар

2017-ші және де 2018-ші жылдары өңірдің 11 елді мекенінде орталықтандырылған сумен қамту жүйесі пайда болады

Әділбек Әубәкіров – СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– Үстіміздегі жылы “Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту” аясында жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылмақ. Бұлар 11 елді мекенде жүргізіледі. 6 жоба биыл аяқталса, қалған біреуі келер жылы тындырылады. Сондай-ақ, біз 6 жобаны бітіргеннен кейін 9 ауылға таза ауыз суын беріп, сумен қамту жүйелерін жақсартпақпыз.

Ал, “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша былтыр жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылған. Оның 3-уі өткен жылы аяқталса, қалғаны биыл тындырылмақ. Жобалардың барлығы Петропавл қаласындағы кәріздік және сумен қамту жүйелерін жетілдіруге бағытталған.
Бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында сумен қамту жүйелеріндегі тозу пайызы 2014-ші жылы 74-ті құраса, 2016-ның соңында ол 2 пайызға азайыпты.

Әділбек Әубәкіров – СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында биыл өңірде жалпы сомасы 1 млрд 126 млн теңге болатын 10 жоба іске аспақ. Оның 6-уы – су тарту бойынша Петропавл қаласында, қалған 4-еуі – Айыртау ауданындағы Саумалкөл елді мекенінде. Ол жерде жылу желілері салынады. Жобалардың жартысы биыл, қалағаны келер жылы аяқталады деп жоспарлаудамыз.

Айта кету қажет, биылғы жылы айта-айта жауыр болған Қызылжар ауданындағы Шаховское елді мекеніне таза ауыз су тартылмақ. Жоба құны – 400 млн теңге. Бұл ауылдағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

 

Риат Шони