МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қызыл судың келуіне дайындалуда

Қайрат Танатқанов, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы:

– Су басқан нысандарға кезекші құрам моторлы қайықпен жеткізілетін болады. Ал жеке құрам 2 тәуліктен 3 тәулікке дейін ауысыммен жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық аталмыш құрамдар белгіленген нысандарда құтқару шеңбері мен жилеттері сынды жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Қызыл су өңірге наурыздың аяғы мен сәуір айының бас кезінде келуі мүмкін. СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов нысандардың техникалық нығайтуларына назар аударып, оларды тәулік бойы жіті бақылауды жүктеді.

Берік Біләлов, СҚО ІІД бастығы:

– Осы жұма ішінде барлық нысандарды аралап шығу қажет. Көліктеріне дейін тексеріп, кейін маған есеп беріңіздер. Бұл – өте маңызды, барлық күштерді 100 пайыз біріктіруіміз қажет.

Су тасқыны орын алған жағдайда 3000-ға жуық құтқарушы мен 800-ден астам техника бірлігі жұмылдырылмақ.

Эльмира Сәдуақасова