МТРА жаңалықтары

Жазушы Герольд Бельгердің еңбегі ағылшын тіліне аударылды

Бигелді Ғабдуллин – Қазақ ПЕН-клубының президенті:

– ПЕН-клубқа еліміздің ең-ең деген жазушылары мүшелік етеді. Сондықтан олардың туындылары шет тілдеріне аударылып жатыр. Ағылшын тілі арқылы біздің өзге мемлекеттің азаматтары таниды.

Аталмыш клуб 1993-ші жылы шығармашыл мамандықтар өкілдерінің зияткерлік ынты­мақ­тастығын кеңейтіп, қазақтандық мәдениетті дамыту мақсатында құрылған еді. Қазір ұйымда 50-ге тарта қазақстандық жазушы мүшелік етеді. Бұл көшті елімізге белгілі тұлға, әдебиет жанашыры, «Қан мен тер» трилогиясының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов бастаған. Бүгінде жазушының жасы 90-нан асса да ол іс-сапарларға жиі шығып тұрады. Ал, досы Герольд Белгердің кітабының тұсаукесері Қызылжар өңірінде болатынын естіп, ол бірден жазушының туған жеріне қарай бет алған.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – Қазақстанның халық жазушысы:

– Бельгерді 1963 жылдан танимын. Ол өзі де керемет аудармашы болатұғын. «Қан мен тер» туындымның ең ауыр тұсын беріп, мынаны маған аударып бер дедім. Келесі күні ол жазғанын алып келді. Тамаша дүние шықты.

Айту керек, Қазақ ПЕН-клубы Герольд Белгердің кітабынан өзге, тағы 24 жазушының еңбегін шет тіліне аударуда.

 

Айгерим Ержанова