МТРА жаңалықтары

СҚО аумағындағы автожолдарға ел қазынасынан 10,7 млрд теңге бөлінді

Мереке Дәулетбаев – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Осы жылы өңір жолдарын жөндеу кезінде салқын ресайкілеу әдісін көп қолданбақшымыз. Осылайша, қаражатты үнемдеп, оны тозығы жеткен басқа учаскелерге бағыттаймыз. Көктемде қызыл су өтетін жолдардың бойына су өткізгіш құбырлар орнатылады. Ескілері жаңасына алмастырылады.

Үстіміздегі жылы Петропавлда көлік-логистикалық орталығының құрылысы басталады.
Жанына тас және темір жол төселеді. Көлік тұрақтары салынады. Фитосантитарлық қадағалау бекеті тұрғызылады.

Мереке Дәулетбаев – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Жобаның жиынтық құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Қаражаттың 90 пайызын қытайлық инвесторлар салады. Осы күні орталыққа деп Жұмысшы кентінен 120 Га жер телімі бөлінді. Құрылысы биыл басталады. Онда “А” класындағы қоймалар болады, жанына цехтар салынады. Өңір тұрғындарынан жиналған және шетелден жеткізілген ауыл шаруашлығы өнімдері сонда өңделеді. Қапталған күйінде Ресей арқылы шетел нарықтарына жөнелтіледі.

Петропавлда көлік-логистикалық орталығы іске қосылысымен 1,5 мың адам жұмысқа тартылады.

Берік Қасен