Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:
– Солтүстікқазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті “Турист” пен “Прогресс” туристік фирмаларынан сатып ала алады. Онда билеттен басқа көрменің белгілі бір уақытын қамтитын жолдама қарастырылған. Сондай-ақ, билеттер Казпошта бөлімшелері, ЭКСПО-2017 сайты мен кассасында саудалануда. Соңғысы “Рахмет” сауда үйінде күнде таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді.
Жалпы облысымызда 3000-ға жуық билет сатылған. Атап өту қажет, белгілі бір санаттағы адамдар үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:
– 6 жасқа дейінгі балалар көрмені тегін тамашалайтын болады. Сондай-ақ, бұл қатарға ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер мен жетім балалар кіреді. Ал, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар үшін 50 пайыз жеңілдік бар.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Елордада маусымның 10-нан қыркүйек айының 10-на дейін өтеді. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан 8 жоба қатыспақ.
Эльмира Садуакасова