МТРА жаңалықтары

Мемлекет шығындарын қысқарту басты назарда

Ерлан Мұстафин – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

– Жылжымайтын мүліктен қазір сатылымға Бескөл ауылындағы гараж шығарылып отыр. 27 шаршы метрге жайғасқан нысан аукционға қойылды. 1 млн 67 мыңға бағаланған ғимарат өтпесе, онда екінші аукционда ол жарты бағасына сатылып кетуі мүмкін. Яғни, небәрі 500 мың теңге маңайында болады. Содан кейін де ешкім алмаса, онда үшіншісінде ол бар-жоғы 1 теңгеге саудаланатын болады. Тағы Мамлют ауданындағы ветеринарлық зертхана өзіне керек емес ескі ғимараттарын саудаға шығарған.

Жалпы gosreestr.kz сайтында тәркіленген, ескірген мемлекет меншігіндегі және квазимемлекеттік секторға тиесілі нысандар мен жеке және заңды тұлғалардың саудаға шығарған мүлігін көруге болады. Мұнда зауыттар, санаторийлер, көліктер мен түрлі нысандар бар. Оларды жалға алуға да болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба алып, сайтқа кіріп, өтініш тастаса болғаны.

Ерлан Мұстафин – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

– Өтініш 15 күн ішінде қаралады. Егер жалға алуға бір ғана тұлға ниет білдірсе, онда сол кісіге беріледі. Егер бірнеше адам өтініш тастаса, онда тендер арқылы жүзеге асырылады. Жалпы соңғы кездері мектептердегі асханалар мен түзету мекемелеріндегі бос ғимараттарды жалға алушы кәсіпкерлердің саны тартып отыр. Соңғыларына қойылатын басты талап ол – сотталғандарды жұмыспен қамтып, жалға алған нысанды қалыпты жағдайда ұстаулары керек.

Ал мемлекеттік органдар мен әлеуметтік мекемелер мұнда қойылған мүлікті тегін ала алады. Ол үшін өтініш тастаса болғаны. Айта кету керек, депатрамент тағы мемлекет шығындарын азайту жұмыстарымен де айналысады. Ол үшін мұнда екі жылдан бері ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Татьяна Филиппова – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

– Сөйтіп, біздің балансымызға 29 әкімшілік ғимарат өтті. Олар облыстық мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаменттеріне тиесілі. Тағы соңғыларының 11 көлігі өтті. Бұл шара 1200 шаршы метр ғимаратты оңтайландыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ол нысандарға бұрын жекеменшік ғимараттарда отырған 13 мемлекеттік орган жайғастырылды.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдардағы автокөліктерді күтіп-баптау және ғимараттарға клинигтік қызмет көрсетуді кәсіпкерлерден алып департамент қарамағына өткізу жоспарланған. Ол бюджет шығындарын қысқартуға мүмкіндік бермек.

 

Магжан Ахмадина