Өнеркәсіп

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды

“Меденников” жеке кәсіпкерлігі тауарларының сапасы бойынша алдыңғы қатарда. Олардың өнімдері облыстық, респбуликалық байқауларда үздік деп танылған. Мұнда күніне 1500 қалбыр консервіленген ет те шығарылады. Жартылай сүрленген шұжықтарға деген сұраныс үлкен. Кәсіпорын оның 500 келісін шығарса, сұраныс 1200 келіні құрайды екен.

Светлана Меденникова – “Меденников” ЖК директоры, Аққайың ауданы:

– Сұранысты толыққанды қаматамсыз етуге шикізат жетіспейді. Қазір барлығымыз бірігіп, шаруашылықтардан ет алуды жүзеге асырмақпыз. Жартылай сүрленген шұжыққа сұраныс жақсы. Сондықтан, оны молынан әзірлеуді көздеп отырмыз. Әрі консервіленген ет өнімін де ұлғайтпақпыз.

Кәсіпорында тың технологиялар пайдаланылады. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға және тауар түрін көбейтуге септігін тигізеді.

 

Риат Шони