Қоғам

ҚР көктемгі құс ату маусымына тыйым салынды

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

– Биыл аңшылар көктемгі маусымға шықпайды. Бұл шектеу 3 жылға қойылып отыр. Өйткені мамандардың зерттеуі бойынша, соңғы уақытта елімізде құстардың саны біршама азайған. Ал жаңадан енгізілген заң қанаттылардың санын арттыруға септеспек. Өйткені, дәл көктем мезгілінде құстар жұмыртқа басып, көбейетін кез.

Жалпы елімізде көктемгі аң аулау сонау 90-шы жылдары бастау алған. Бірақ Қазақстанда бұл аралықта ешқашан құс атуға тыйым салынбапты. Мамандар елімізде қанаттылардың саны өткен жылдармен салыстырғанда 2 млн-ға азайып кетті деп дабыл қағуда. Мәселен, былтыр солтүстікқазақстандық аңшылар 2 мың басқа жуық құсты аулап алған.

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

– Айта кетейік, шектеу тек көктемгі мезгілге қойылды. Яғни, күзгі уақытта құс аулауға болады. Жылдағыдай биыл да 40 мыңға жуық квота бөлінбек. Бұл сан еселенуі де мүмкін.

Қазір облысымызда 10 мыңға жуық аңшы бар. Енді олар қатарынан 3 көктем құс атумен айналыспайтын болды.

– Егер де аталған ереже бұзылса, заңның ала жібін аттаған азаматтар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр. Ал теріс әрекеттерін қайталаған жағдайда оның көлемі 3 есеге дейін артпақ.

 

Айгерим Ержанова