МТРА жаңалықтары

Облыстың тәртіп сақшылары ұлттық превентивтік механизм өкілдерімен жүздесті

Александр Верстаков – “PERFECT” ақпараттық-құқықтық орталығы” ҚҚ директоры:

– Өкінішке қарай, ұлттық превентивтік механизмнің жұмысы жайлы көбі біле бермейді. Мысалы, бізді ІІО-ның бөлімше кезекшілерінің 90%-ы өз ғимараттарына кіргізбей жатады. Бұл олардың заңды аса білмейтіндігін көрсетеді.

Жиында атаған топтың мүшесі Александр Верстаков бейнебақылау камераларының сапасын сынға алды. Оның айтуынша Тимирязев ауданындағы ІІБ-ндегі камералардың бейнежазбалары тек 5 күн ғана сақталады екен. Ал, бұл өте аз.

Александр Верстаков – “PERFECT” ақпараттық-құқықтық орталығы” ҚҚ директоры:

– Бейнежабаның сапасы да сын көтермейді. Сондықтан, техникалық базаны жаңарту қажет. Әсіресе, аудандарда. Өйткені, ол – зорлық-зомбылықтың алдын алуда көмекші құралдың бірі.

Бұл ретте ағымдағы жылы облыс орталығының көшелеріне қосымша тағы 169 камера орнатылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, өңірдің тәртіп сақшылары ұлттық превентивтік механизмге қатысушылармен қоян-қолтық жұмыс жасауға қашан да әзір екендіктерін жеткізді.

Дәурен Идрисов – СҚО ІІД ӘПБ бөлімінің бастығы:

– Еліміздегі Конституциялық заңға сәйкес, ешкім де азаптаудың және ар-намысты қорлайтын жазалау түрлеріне тартылмауы қажет. Сондықтан полицей қызметкерлері ұлттық превентивтік механизм мүшелеріне заңды қызметтерін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге тиіс.

Айту керек, былтыр аталған топтың мүшелері облысымызда 70-ке жуық тексеріс жұмыстарын жүргізген.

 

Айгерим Ержанова