Қоғам

Облыс орталығында ресейлік омарташылардың жәрмеңкесі жалғасуда

Мәселен, бұл – алтайлық жоғары сортқа жататын “горный молочай” балы. Жәрмеңкеге ол жақын арада ғана қосылған. Бұл бал – ішкі ағзалардың қызметін жандандыруда таптырмайтын өнім. Дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіріп, мидың жұмысын жақсартады.

Оксана Кравченко – сатушы:

 

– Жәрмеңкеге қойылған өнімдеріміз жақсы саудалануда. Бірнеше рет ассортиментті жаңартуға тура келді. Әсіресе, шипасы мол балдар ерекше сұранысқа ие. Бағалары қолжетімді.

Ал жүрек-қан тамырлары ауруын емдеп, жүйке жүйесін қалыпқа келтіремін десеңіз – ара сүті қосылған балды алуыңызға болады. Оған қоса, оны асқазан жарасын емдеуге, қан қысымын реттеуге, бас ауруы мен тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады екен. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. Виктор Денисенко жәрмеңкеге осымен екінші рет келуде. Алғашқыда ол ол елімізде сирек кездесетін бал түрлерін сатып алса, енді, міне, басқа сорттарынан да дәм татуда.

Виктор Денисенко – қала тұрғыны:

– Өткен жолы балдың бірнеше түрін сатып алған едім. Денсаулыққа пайдалы болғандықтан келесі қысқа қамданып, көптеп сақтап қоямын. Балдың қай түрін алсаң да, ағзаның жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ал спортпен шұғылданатындар үшін оның пайдасы зор, ағзаға күш-қуат береді.

Жәрмеңкеде балдан басқа халуа, моншадағы буға ысталған тосап пен кептірілген шөптер де бар. Бұның бәрін солтүстікқазақстандықтар ағымдағы айдың 19-ына дейін сатып ала алады. Көрме күн сайын Кеншінбаев көшесіндегі “Жастар сарайында” таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.


Эльмира Садуакасова