Білім

Облыс орталығында 5-7 сынып оқушылары аралығында пәндер олимпиадасы өтті

Дарина Хамзина – №7 орта мектеп оқушысы:

– Мен археолог болғым келеді. Мені ежелгі адамдар мен сол кезеңдер қызықтырады. Өзім де болашақта бұрыңғы заман адамдарының сүйектері мен қару-жарақтарын зерттеп, жұртшылыққа жаңалық ашқым келеді.

Олимпиада 11 жалпы білімдік пәндерді қамтиды. Олардың ішінде неміс тілі де бар. 6-сынып оқушысы Никита өз бағын дәл осы пәннен сынамақ.

Никита Воронов – Бірінші гимназия оқушысы:

– Мен неміс тілін 3-сыныптан бастап оқимын. Келешекте Германия еліне оқуға түскім келеді. Сондықтан, басқа пәндерден бұрын неміс тіліне басымдық беремін. Олимпиадаға осымен 4-ші рет қатысып отырмын. Жылдан-жылға бағдарламаға сәйкес, олимпиада тапсырмалары да күрделене түсуде. Бірақ, жақсы дайындалса, жүлделі орындарға қол жеткізуге болады.

5-ші мен 7-ші сынып оқушылары арасында өтіп жатқан бұл олимпиада осымен 2-ші рет ұйымдастыруда. Негізгі мақсаты – жылдан-жылға өзгеріп жатқан оқыту технологиялары мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген жаңа өзгерістерге балаларды осы уақыттан бастап бейімдеу.

Гаухар Темірбаева – қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– 8-ші сыныптан бастап біздің оқушыларымыз әр түрлі республикалых және халықаралық олимпиадаларға қатысады. Соған оқушыларды моральдық, психологиялық жағынан дайындық ретінде өткіземіз.

Олимпиадаға қаладағы 36 мектептен барлығы 1300-ге жуық оқушы қатысуда.

 

Эльмира Садуакасова