Аптадағы маңызды жаңалықтар

Маңызды құжатта жүктелген міндет – бизнес ортаны жақсарту

Данияр Жаналинов- СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Биылғы жылдан бастап жеке кәсіпкерлікті тіркеу міндетті емес. Ол хабарламалық сипатқа көшеді. Яғни, бизнесті тіркеуге қаржы жинаудың қажеттігі жоқ. Тек мемлекеттік кірістер органдарын 10 күн ішінде кәсіпкерлік іс басталғаны жөнінде ескерту қажет. Мұның барлығын электронды портал арқылы жасауға да болады. Салықтарды да онлайн банкинг арқылы өтеу мүмкіндігі бар.

Соңғы кездері тұрғындар алтын уақытын жоғалтпай қызметтің электрондық нұсқада көрсетілуін қалайды екен. Сандарды сөйлетейік. Өткен жылы ведомства 564 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, соның 88,4 пайызы осы форматта ұсынылған екен. Тағы департаменттің экономикалық тергеу қызметімен жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы олардың қарамағында 219 қылмыстық іс болған.

Данияр Жаналинов- СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 618 млн теңгені құрап отыр. Соның 388 млн теңгесі қайтарылды. Тағы 45 млн теңгенің мүлігіне тыйым салынды. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Жалпы өткен жылы мемлекеттік кірістер департаменті өңір қазынасын 69 млрд теңгемен толықтырған.

 

Магжан Ахмадина