МТРА жаңалықтары

СҚ Мемлекеттік архивіне Ресейден Айғаным жайлы құжат әкелінді

Саясаткер, спортшы, тігінші, құрылысшы. Әрқайсысы өз заманында әр қырынан жарқ етіп көзге түскен келіншектер. Олардың тізімін 18-ғасырдың аяқ кезінде-ақ саясатқа араласып, еліміздің қалыптасуына үлесін қосқан дана әйел Айғаным бастап, Тәуелсіз Қазақстанның көк туын әлемдік додада желбіреткен қыз Маргарита Мукашева тұйықтап тұр. Бұл кісілердің әрқайсысы жайында СҚ Мемлекеттік архивінде іс-қағаз бастаулы.

Мереке Баймұқанов, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

– Саясаткер, спортшы, тігінші, құрылысшы. Әрқайсысы өз заманында әр қырынан жарқ етіп көзге түскен келіншектер. Бұл кісілердің әрқайсысы жайында СҚ Мемлекеттік архивінде іс-қағаз бастаулы.

Дана әйел дегенде Шоқан Уәлихановты тәрбиелеп, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне ықпал еткен Айғанымның ауызға бірінші түсетіні шын. Бұл ретте жергілікті архивтің теріскейлік ағайынға сүйінші жаңалығы бар. Мұнда күні кеше Санкт-Петербордағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінен Айғанымға тікелей қатысты онға жуық тарихи деректің көшірмесі әкелінді. Еліміздегі архивтерде Уәли ханның көреген кіші әйелі жайлы құжаттар мүлде сақталмағанын ескерсек, бұл біз үшін үлкен олжа дейді, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің директоры:


– Шоқанның әжесінің кей жерлердегі есімі “Айханша Абылаева” деп көрсетілген. Бұл тарихтан белгілі Айғаным есімінің де бүгінгі күнге өзгертіліп жеткенінің көрінісі болуы мүмкін деп отыр.

Мына іс-қағазға Айғанымның Орта жүзге қыстау мен өзіне қоныс салу керектігін сұрап Петропавл комендантына, кейін Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментіне 1823 жылы жолдаған хаттары тігілген. “Аю тас” деген топырағы құнарлы, шөбі шүйгін жерді сұраған ханымның хатына, “Бұл жерге ресейден қоныс аударушылар көшіп келеді, өзіне басқа жерді таңдасын” деген жауап келіпті. Кейін халқын жинап, құрылтай өткізген Айғанымның таңдауы Көкшетау уезіндегі Сырымбет жеріне түскен.

Сәуле Мәлікова:

Сөйтеді де сол жерді мекендеуге қыстау қылуға шешім қабылдады. Айғанымға үй салу жөнінде, медресе, мешіт салуға бөлінеді.

Айту керек, өңірге Ресейден араға бірнеше ғасыр салып жеткен құжат жергілікті тарихшылардың біраз деректерді зерттеп, зерделеуіне жол ашпақ.

 

Акбопе Танирберген