МТРА жаңалықтары

«Халал» өнімдердің атына заты сай ма

Яғни, адал өнім тұтынғысы келетіндердің арта түсуін кәсіпкерлер мен халыққа қызмет көрсетуші орындар өз мүд­делері үшін пайдаланып қалуға әрекет етуде. Бір ғана мысал, бүгіндері «халал» деп жеп жүрген шұжығымыздың өзі, өкінішке қарай талаптарға сай болмай шығатын көрінеді.

Айгүл Құсайынова – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:


–  Көптеген дүкендерде «халал» өнімдер шошқа етімен бір жерде жатады. Мұндайға жол берілмеуі тиіс. Тағы өңірімізде «Омский бекон» компаниясының “халал” деген өнімдерін көруге болады. Бұл жерде тауардың сипаттамасында қателік кетіп тұр. Өйткені, олардың өнімдеріне шошқа еті қосылатынын белгілі.

Халал индустриясына қатысты сауалдар жетерлік. Соңғы бірнеше жылдың ішінде ғана еліміздің 600-ден астам кәсіпорын «халал» сапа сертификатын алған. Өйткені, бүгіндері бұл бренд халықтың сұранысына ие. Сондықтан, алдағы уақытта олардың қатары арта түсері айтпаса да түсінікті. Бірақ, енді мемлекет тарапынан олардың жұмысы бақылауға алынып, ерекше қадағалауда болмақ. Қазірдің өзінде екі стандарт жұмыс істейді.

Айгүл Құсайынова – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:


–  Алдағы уақытта бұл мәселе жолға қойылып, шетелдік тәжірибені зерттей отыра, нормативтік-техникалық база құру жоспарда бар. Өйткені, елімізде бұл салада екі ұлттық стандарт қана жұмыс істейді. Ол – «халал» пісірілген шұжықтар мен «халал қонақ үйлерге туристік-экскурсиялық қызмет көрсету». Тағы бізде «халал» өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеуге қатысты малайзиялық стандарт бар.

Мамандардың айтуынша дүкеннен сатып алған “халал” өнімнің тазалығына күмән туған жағдайда Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгінуге кеңес береді.

 

Мағжан Ахмадина