МТРА жаңалықтары

Биылдан бастап ҚР азаматы тек 4 бірлік қаруға иелік ете алады

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қалалық ІІБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің инспекторы:

–  Жаңа заң актісіне зай азамат тек 2 қарудан заңдастыра алады. Яғни, 4 қаруға иелік етуге құқылы.

Бұл өзгеріс қару-жарақ түрлерін сатумен айналысатын кәсіпкерлерге де қатысты болып отыр. Жаңа заңнамалық актіге байланысты қару-жарақ дүкендері тұрғын үйлерде, ойын-сауық мекемелері мен әлеуметтік маңызы бар нысандарда орналаспауы тиісті. Яғни, мұндай сауда орнының жеке ғимараты болуы міндетті. Егер де дүкеннің орналасуы заңға қайшы келсе кәсіп иесі 18 айдың ішінде басқа сауда нүктесіне ауысуы қажет.

Ксения Скляренко – “Охотник” қару-жарақ дүкенінің директоры:


–  Менің иелігімдегі “Охотник” қару-жарақ дүкені жеке секторда орналасқан. Жалпы, өзім сауда орындарының тұрғын үйлер мен ойын-сауық мекемелерінен алшақ тұрғанын қолдаймын. Өйткені, бұл қоғамда орын алатын түрлі заңбұзушылықтардың алдын алуға септеседі.

Тағы, ел азаматтары өздерінің қару түрлерін онлайн режимде заңдастыра алады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдірулері қажет. Айта кеткен көн, бүгінгі таңда өңірде 5 қару-жарақ дүкені бар. Оның 4-еуі Петропавл қаласында орналасқан. Жалпы, қазіргі күні облыстағы 8 мыңнан аса тұрғын 15 мыңға жуық қаруға заңды түрде иелік етеді екен.

 

Байболат Құлтанов