МТРА жаңалықтары

Жемқорлықтың алдын-алу шарасын “Қазақтелеком” АҚ қолдады

Аталмыш заңсыз әрекеттің алдын-алу шараларының бірі көктемнің алғашқы күнінен коммуналдық төлемдер түбіртектері арқылы жүзеге асырылуда. Оны қолдаған солтүстікқазақстандықтар қатарында “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы да бар. Акцияның мақсаты – еліміздің әрбір тұрғынына сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы құлағдар етіп, нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру. Сондай-ақ, заң бұзушылық жағдайы орын алғанда, 14-24 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Амангелді Сатанов – Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

 

– Бұл бастамаға алғаш болып “Қазақтелеком” қолдау көрсетіп отыр. Осылайша наурыз айының басынан бастап заңды тұлғаларға біздің ақпаратымыз орналастырылған төрт жарым мың түбіртек таратылатын болады. Бұл акция облысымыздың барлық аудандарын қамтымақ.

Эльмира Садуакасова