МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы нәзік жандыларға алып торт ұсынды

Талғат Салкеев – Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

– Қызмет көрсету орталығында арнайы осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Өйткені, нақ осы жерге адамдар көптеп келеді. Олардың басым бөлігі – әйелдер. Өйткені, мекемелердегі есепшілердің көбі – нәзікжандылар. Олар өз ісіне ұқыпты. Барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймыз.

Мемлекеттік кірістер басқармасы мұндай шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Марина Артеменко жұмысына кетіп бара жатып декларация толтыру үшін мұнда арнайы келген. Бірақ, тосын сыйды күтпеген ол, таңертең көңілін көтеріп тастаған үшін мамандарға алғыс білдіруде

Марина Артеменко:

– Кіргенде бірден мерекелік көңіл күй сезіледі. Мен қызметкерлер өздері шай ішу үшін жиылған екен деп еш мән бермеген едім. Кейін мені дастархан басына шақырғанда таң қалдым. Ерекше құттықтау болды.

Өткен жылы Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы 3 мыңнан астам қызмет көрсеткен.

 

Мағжан Ахмадина