МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі ардегер аналарды құттықтады

Елена Макарова, ҰОС ардагері:


– Бізді бірінші қуып шықты. Талдырмаш қыздар қару да ұстай алмайсыңдар деді. Арада бір жыл өткесін ғана, 1942 жылдың үшінші мамырында шақырту келді. 6 ай авиациялық техникалық мектепте оқыдым. Кейін фронтқа Балтық түбіне аттандым. Жан-жақтан ұшқан қаңғыған оққа да іліктім.

Елена Степановна үшін 8 наурыз жәй ғана әйелдер мейрамы емес. Осыдан 73 жыл бұрын дәл осы күні соғыстан жараланып оралған кіші сержант Макарова облыстық қорғаушылар коллегиясына жұмысқа тұрған. Сол орнында тапжылмай 44 жыл еңбек етіп, зейнетке шығыпты. ҰОС ардагерін мейрамымен құттықтай келген өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов, теледидар сыйлады. Жеңісті жақындатуға ат салысқан қарт жауынгердің қуанышында шек жоқ.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:


–  Сіздің еңбегіңіз зор. Қолға қару алып, жауға қарсы тұрдыңыз. 04:20 Қиын кезеңдерді өткердіңіз. “Ешқашан қазіргідей шалқып өмір сүрген емеспіз” деп, өзіңіз атап кеттіңіз ғой. Мұның барлығы сіздердің арқаларыңыз. Мерекелеріңіз құтты болсын. Алғысымыз шексіз.

Облыс әкімінің құттықтауын күтіп отырған тағы бір нәзіжанды мына үйде тұрады. Орынтай Мұқышева – 8 ұл мен 5 қыздың анасы. Сәлім ақсақалмен 50 жыл отасып 13 баланы оқытып, аяқтандырған. Бүгінде алтын алқасы кеудесінде жарқыраған ана 36 немересі мен 17 шөбересінің арасында емен-жарқын мерекені қарсы алуда.

Орынтай Мұқышева, “Алтын алқа” белгісінің иегері, тыл ардагері :

– 37 немерем, 19 шөберем бар. барлығы да з алдарына үй болып отыр. Тілейтінім бақыт, денсаулық.

Құшақ толы гүлі мен сыйлығын алып келген аймақ басшысы елімізде Орынтай ападай демографиялық әхуалды арттыратын келіншектер көбейсін деп тіледі.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

 


– Қазір жастар көп бала таппайды. сіз үлгісіз. Сіз сияқты батыр анаға аоғысымыз шексіз. Көп рахмет.

Бұл күні Ерік Сұлтановтың құттықтауын қабылдаған нәзіжандылардың тілегі бір. Ол – ашық аспанымызды бұлт шалмай, еліміздің өркендей беруі.

Ақбөпе Тәңірберген