Спорт

Жергілікті “Құлагер” ХК қарымта кездесуде көкшетаулық Арланды тізе бүктірді

Дегенмен, әзірге көкшетаулықтар сыр берер емес. Матчтың 12-ші минутында жерлестеріміздің жолы болды. Илья Ахметов көзге түсіп, жойқын соққымен есеп ашты.

Бұдан соң да жерлестеріміздің шабуылы бәсеңдемеді. Қарымта кездесуде белсенділік танытқан құлагерліктер көп кешікпей есеп айырмасын ұлғайты. Бұл жолы қорғаушы Егор Маленьких көк сызықтың бойынан шірене тартып, шайба авторы атанды.

Сонымен есеп 2-де 0. Осындай нәтижемен алғашқы период аяқталды.

– Матч өте тамаша өтуде. Жігіттер жиырма минут бойы “Арлан”-ды тығырыққа тіреді. Бүгін жеңіске жетеміз.

Келесі 20 минуттықта жерлестеріміз де басымдықты 3-те 0-ге жеткізетін мүмкіндік болған. Бірақ, Максим Волковтың соққысынан ұшқан шайба қақпа бағанасына тиіп, кейін серпілді. Бұл кезеңде таблодағы есеп өзгермей, хоккейшілер үзіліске тарасты. 3-ші периодта жеңістің ауылы алыс екендігін ұғынған көкшетаулықтар шабылға қарқын қосты. Дегенмен, құлагер жігіттер сауатты қорғана білды. Олар матчтың соңына дейін таблодағы есепті ұстап, жеңіс тойын тойлады.

Андрей Янков – “Құлагер” ХК қақпашысы:

– Қарымта кездесуде жігіттер жақсы ойнады. Алғашқы периодта 2 шайба салып, басымдықты соңына дейін ұстадық. Осылайша есе қайтардық. Матч бойы қақпаны қырағы күзеттім. Қорғаушылар да сақ қимылдап, бағытталған шайбаны маған жеткізбеуге тырысты.

Бұл ойыннан соң “Құлагер” ХК 83 ұпаймен 5-ші орында тұр. Енді, теріскейлік ұжым келесі кездесуде сырт алаңда рудныйлық “Горнякпен” бақ сынаспақ. Матч наурыз айының 6-сы мен 7-сі күндері өтеді.

 

Култанов Байболат