МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалының төрағасы Марат Тасмағанбетов нәзік жандыларды мейраммен құттықтады

Марат Тасмағанбетов – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалының төрағасы, Петропавл қаласының әкімі:

– Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі кезде әйелдердің барлық салада алатын орны ерекше. Сіздер Тәуелсіз елеміздің дамуына өз еңбектеріңіз бен мол үлес қосудасыздар.

Бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен әйел – ерекше жаратылыс иесі. Құттықтау сөзінен кейін Марат Тасмағанбетов сұлу да сымбатты нәзік жандыларға марапат табыстады. Қошеметке бөленгендердің қатарында Айман Маутова да бар. Ақ жаулықты Батыр ананың бүгінде 7 баласы бар, төрт немересі бар. Жетпіске жетістікпен жеткен нәзік жанды бүгінгі көңіл күйім шат-шадыман дейді.

Айман Маутова – “Алтын алқа” иегері:

– 5 ұлым мен 2 қызым бар. Барлығы да жақсы қызметте. Екі бала мемлекеттік кірістер департаментінде еңбек етуде.

Жалпы бүгінгі бейресми жиында 13 нәзік жанды марапатқа ие болды. Айта кету қажет, қазіргі таңда Петропавл қаласында 593 көпбалалы ана, Ұлы Отан соғысына қатысқан 12 қарт әжейлер тұрады. Бұлардың барлығыда көктемнің шуақты мерекесінде назардан тыс қалмауы керек.

 

Риат Шони