МТРА жаңалықтары

Петропавлда халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

Бибісара Кашенова – еңбек ардагері:

– Бүгін біз облыстық білім басқармасының ұйымдастырып отырған осындай мерекелік іс-шараға келіп отырмыз. Көптен көп рахмет. Осы келе жатқан көктем мейрамы құтты болсын. Әр отбасыға молшылық, жақсылық, құт береке алып келсін.

Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының залы нәзікжандыларға лық толы. Өйткені, бүгін олар үшін қаламыздың өнерлі де дарынды ұл-қыздары ән мен биден шашу шашпақ. Сахна шымылдығы ашылып ортаға “Томирис” балалар сән театрының тәрбиеленушілері шықты.

Бүгін кішкентай бүлдіршіндер “Жеміс-жидектер десерті” атты киімдер жинағын көрсетуде. Томирис ұжымы мұны арнайы осы шараға орай әзірлепті. Барлығы 10 киім үлгісі ұсынылды.

Арина Ритченко – “Томирис” балалар сән театрының тәрбиеленушісі:

– Барлық аналар мен апа-әжелерді келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Милана Горохова – “Томирис” балалар сән театрының тәрбиеленушісі:

– Ең бастысы денсаулық, бақыт тілеймін. Барлық армандар орындала берсін.

Айта кетсек, “Нәзік анама” атты концерттік бағдарлама 25 нөмірден тұрды.

Тогжан Акмагамбетова