МТРА жаңалықтары

Петропавлда бал жәрмеңкесі жалғасуда

Виктор Денисенко – қала тұрғыны:

– Бұл жерге қойылған бал түрлерінің көбі Петропавлда сатылмайды. Сондықтан, табиғи өнімді осындай жәрмеңкелерден кездестіріп жатамыз. “Кандык” балы қан қысымын төмендету үшін жақсы дейді. Дәмі өте жақсы. Үйге барып, шайға қосып ішіп көремін. Кейін, тағы 1 келісін алармын.

Көрмеге балдың 40-қа жуық түрі қойылған. Олардың дәмі, түсі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Табиғи өнімнің әрқайсысының өзіне тән емдік қасиеті бар.

Ал, жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол екен. Тағы, бұл өнім бактериямен күреседі әрі ұйқыны тыныштандырады. Жәрмеңгедегі “алатікен” балының да емдік қасиеттері молынан.

– Мына “расторопша”, қазақша аударсақ “ақтітек” балын таңертең жылы суға салып ішсеңіз, бүйректі тазартады. Тағы, саңырауқұлақ, дәрі-дәрмекпен, ішімдіктен уланғанда пайдалған жөн.

Тағы, “алатікен” балын адам күнделікті аш қарынға жеп отырса, артық салмақтан арылуға болады. Айта кетейік, жыл басынан ресейлік “Пасека Калашникова” серіктестігі қаламызда екінші мәрте жәрмеңке өткізіп отыр. Көрші елде дайындалған тауарға деген сұраныс көп.

Оксана Кравченко – “Пасека Калашникова” ЖШС кеңесші-сатушысы:

– Барлық бал түрі иммунитетті көтеруге және вирустың алдын алуға көмектесетіндіктен петропавлдықтар ресейлік тауарды жаппай сатып алуда. Зейнеткерлер болса, тағы қашан келесіздер деп сұрап жатады. Біз бұл жәрмеңкеге Азов қаласында шығарылатын халуаның 11 түрін әкелдік. Тағы, түрлі емдік қасиеттерге бай шөптерден жасалған тосаптар да бар. Сондықтан, табиғи өнімді сатып алуға кеңес беремін.

Ресейлік омарташылар ұсынған бал жәрмеңкесі Петропавлда наурыз айының 10-шы жұлдызына дейін жалғасады. Жерлестеріміз дәмі тіл үйірер табиғи таза өнімді Кеншінбаев көшесіндегі “Жастар сарайынан” сатып ала алады. Көрме таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Култанов Байболат