Спорт

Өңірде қысқы спорт маусымы жабылды

Бірінші сын – жалпы сырғанау. Мұнда қатысушылар 800 метр қашықтықты жүріп өтулері тиіс. Жолаққа ерлер мен қатар нәзікжандылар да шығып, жылдамдықтары бойынша сынасты. Зарина Қамбарова шаңғы тебумен бала кезден шұғылданады. Бірақ, ол – әуесқой спортшы. Десе де дәл бүгінгідей жарысқа жиі қатысып тұратын көрінеді. Мәре сызығына да алғашқылардың бірі болып келді.

Зарина Қамбарова – №12 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі:

– Шаңғымен мектеп кезінен айналысамын. Жыл сайын шаңғы жарысына қатысып тұрамын. Орын алмасам да, денсаулыққа пайдалы ғой.

Айту керек, мұндай жарыс өңірде дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған қатысатын әуесқойлардың да саны жал санап артып келеді дейді ұйымдастырушылар.

Сергей Пермин – СҚО олимпиада резервiн даярлау орталығының директоры:

– Бүгінгі сайыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – жалпы сырғанау, кейін ерлер мен әйелдер эстафетасы болады. Негізі биылғы маусым біз үшін жеңіске толы болды. Оның бір дәлелі – Ринат Мухиннің Азияда ойындарынан әкелген алтыны мен күміс жүлдесі. Конькиден Дмитрий Бабенко қоланы қанжығасына байлады. Алматыда өткен Универсиадада жерлестеріміз жеңімпаздар арасынан көрінді.

Бұл күні жарысқа 500-ге жуық солтүстікқазақстандық қатысты. Үздіктері арнайы марапаттарға ие болып, оларға диплом мен сертификаттар табыс етілді.

 

Айгерим Ержанова