МТРА жаңалықтары

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала әкімі Марат Тасмағанбетов нәзік жандыларды мейраммен құттықтады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Қазіргі кезде қоғамның барлық саласында әйелдердің алатын орны артып келеді. Сіздердің бойларыңызда ақыл мен парасат, сабырлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттер әрқашан бірге жүреді.

Жылы лебіздерін білдіргеннен кейін шаһар басшысы нәзік жандыларға марапаттар мен сыйлықтарын табыс етті. Қошеметке бөленгендердің қатарында көпбалалы ана Сәуле Марзагулова да бар. Бүгінде 38 жастағы нәзік жанды 6 бала тәрбиелеп отыр.

Сәуле Марзагулова – “Күміс алқа” иегері:

– Мен өзімді бақытты ана ретінде сезінемін. Себебі, Құдайға шүкір менің 3 ұлым мен 3 қызым бар. Ең үлкен балам 18 жаста, медициналық колледже оқиды. Ал кенжем 4 жаста. Мен үйде түрлі кәсіп иесімін. Аспазда, тәрбиеші де боламын. Бастысы мен анамын.

Ал облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Маутова нәрестелердің шыр етіп дүниеге келуіне көмектеседі. Өзінің бір баласы бар екен. Осындай қиын да жауапкершілігі мол жұмысты нәзік жанды 15 жылдан артық уақыт бойы атқарып келеді.

Жанна Маутова – облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

– Біздің кәсібіміз осы мерекемен тығыз байланысты. Себебі, біз әйелдермен жұмыс істейміз. Жыл сайын перинаталдық орталықта 5 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Ал жыл басынан 800-ге жуық бала туды. Сол себепті осы мейрам қарсаңында мен өз ұжымымды құттықтағым келеді.

Көктемнің шуақты да шырайлы мерекесі қарсаңында 17 нәзік жанды қошеметке бөленді.

 

Риат Шони