Спорт

Жергілікті “Құлагер” ХК көкшетаулық Арланға есе жіберді

Кейін, ұлттық құрама сапында қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған Максим Волковпен Ильгиз Нуриев те құрметке бөленді. Сары құрлықтың басты бәсекесінде конькимен жүгіруден командалық жарыста қола медаль еншілеген Дмитрий Бабенкода назардан тыс қалмады. Бұдан Құлагер мен Арлан арасындағы кездесу басталды. Ойынның алғашқы минуттарында көкшетаулықтардың қарқыны күшті болды. Дегенмен, қарсыластар қанша шабуылдағанымен бірінші болып қақпамыздан саңылау таба алмады. Алғашқы шайбаны 6-шы минутта теріскейлік Алексей Петушков салды.

Алайда, жерлестеріміздің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Араға 7 минут салып арландық Артема Бурделев таразы басын теңестіріп кетті.

Сонымен алғашқы период 1-де 1 есебімен аяқталды.

–  Кездесу өте тартысты өтуде. Жергілікті жігіттердің ойыны әзірге жақсы. Бірнеше рет қарсылас қақпаға шайба бағыттағанымен, дарымады. Қазір міндетті түрде есепте алға шығамыз.


–  Мен құлагердің жанкүйерімен. Біздің хоккейшілер бүгін жеңіске жетеді.

Көп кешікпей келесі 20 минуттық та басталды. Бұл кезеңде құлегерлік ойыншылар бірнеше рет тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Осындай сәттердің бірінде сан басымдығын ұтымды пайдаланған арландықтар алға шықты. Периодтың аяқталуына 2 минуттай уақыт қалған болатын. Намысқа тырысқан солтүстікқазақстандықтар есепті теңестірді. Жерлестеріміз сапынан шабуылшы Максим Волков көзге түсті. Бұл кезеңде де бітіспес қарсыластар жеңімпазды анықтай алмай тең нәтижемен үзіліске тарасты. Шешуші бөлімде көкшетаулықтардың жолы болды. Дәл 51-ші минутта Александр Воробьев шайба авторы атанып, құрамасын алға шығарды.

Таблодағы 2-де 3 есебі ойынның соңына дейін сақталып, Арлан командасы жеңіске жетті.

Максим Волков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:


–  Қарсыластарымыз мықты ұжым. Турнирлік кестенің 1-ші сатысында келеді. Біз бұл ойында жан алысып, жан берістік. Бірақ, соңында шайба жіберіп алып, ұтылдық. Енді, ертеңгі қарымта матчта есе қайтаруға бар күшімізді саламыз.

Бұл матчтан соң “Құлагер” ХК 80 ұпаймен турнирлік кестенің 5-ші сатысына тұрақтады.

 

Байболат Құлтанов