МТРА жаңалықтары

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламентке Конституциялық реформаға қатысты заң жобасын ұсынды

Риат Шони, тілші:

–  Келісіп пішкен тон келте болмады. Конституцияға өзгертулер енгізу жайын Елбасы осыдан бір айын бұрын бүкілхалықтық талқылауға салған болатын. Ел арасында тек 26-шы бап қана дау тудырды. Халықтың пікірін ескерген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бапты еш өзгертусіз қалдыруды шешіп, түйткілді мәселенің тобықтай түйінін айтты.

Аты шулы бұл бап жөнінде ел аумағында түсіндіру шаралары жүргізіліп, заңгерлермен ауқымды жұмыс атқарылған. Дегенменде, Елбасы халықтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өзгерту енгізуге қарсы болғандарын ескерді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:


–  Всенародное обсуждение показало отсутствие в обществе мнения только по одному вопросу – статья 26. По этой статье проделана большая работа нашими юристами. Разъяснение было. Можно было провести и принять. Но понимаете, Конституция есть Конституция. По Конституции должен быть консенсус – без сучка и задоринки. Основная масса должна поддержать – это Конституция. В связи с этим я предлагаю оставить 26 статью в старом виде, как она была.

Жалпы бұл бап нені көздейді? Конституциядағы 26-шы бапта Қазақстан Республикасының азаматы заңды түрде сатып алған мүлкін жеке меншігінде ұстай алады дегенде, бұл құқыққа ел тұрғыны емес, кез-келген азамтта ие бола алады деп өзгермек болған. Яғни, шетелдіктер де республика аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алуға хақылы. Көпшіліктің қуаныша орай Елбасы бапты еш өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешімге теріскейліктерде келісіп, өз пікірлерін білдірді.

Сергей Худяков – “СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы” ҚБ төрағасы:

– Иә, шыныменде бұл бап қоғамда қызу талқыланды. Менің ойымша Елбасы халықтың пікірін тыңдап, шешімді елдің пайдасында қарай айтты. Себебі, шетелдік азамттар республика аумағында мүлік сатып алып, оны өзінің жекеменшігі қылады. Ал өзіміздің халық оған қол жеткізе алмауы мүмкін.

Бүгін Елбасы Астанада өткен Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына қатысты. Депутаттар алдына конститутциялық реформаға қатысты заң жобасын ұсынды. Ата-заңдағы 23 бап пен 35 заң өзгертуге ұшырады. Тың жобада Парламенттің құзыреті күшейе түсті. Енді бұдан былай, Премьер-министр Президент пен қатар Парламентке де есеп беруге міндетті. Сондай-ақ, елде министрлерді депутаттар сайлайтын болады. Ал Президент тек сыртқы істер және де қорғаныс министрін тағайындай алады. Елбасының билікті бөлу жайлы ұсынысын жерлестерімізде қолдап, өз ойларын алға тартты.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:


–  Елбасы ұсынған конституциялық реформа еліміздің тарихы үшін өте маңызды кезең. Бұл реформа мемлекеттік биліктің үш тармағы, ол – заң шығарушы орган, заң атқарушы орган және сот жүйесінің арасында баланс бен тежеу орнату механизміне бағытталған. Әрине, бұл Үкіметтің, Парламенттің алдында жауапкершілікті арттырады.

Айта кету қажет, Елбасы қос палата өкілдеріне заң жобасын талқылауды ұзаққа созбай, бір келісімге келуді тапсырды. Осылайша Конституциялық өзгерістер референдум арқылы емес, Парламент арқылы шешімін табады. Себебі, заңда адам құқығы мен бостандығы жайы қозғалмаған.

 

Риат Шони