МТРА жаңалықтары

Петропавлда ” Ал, қанекей, қыздар” атты сұлулық байқауы өтті

Қаламыздағы мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігі мен іштегі тәртіпті қадағалайтын келіншек бұл конкурсқа қатысу үшін біраз тер төккенін айтады. Ол үй тапсырмасы сынында қазылар алқасын өзінің аспаздық өнерімен таң қалдыратына сенімді.

Айым Такибаева – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері:

– Үй тапсырмасы сыңына орыстардың дәстүрлі тағамдарын даярладым. Өз қолыммен тұшпара мен құймақ әзірледім. Айта кетсем, осы жарысқа 1 айдай дайындалдым. Жеңіске жетемін деген ойдамын. Барлық қарсыластарыма сәттілік тілегім келеді.

Жалпы бүгінгі конкурс 5 сыннан тұрады.

Байқауда 7 үміткер бақтарын сынауда. Атап айтсақ, бүгіндері облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасында 700-ден астам маман қызмет етсе, соның 65-і – нәзікжандылар.

Азамат Қожасов – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кадр бөлімінің аға инспекторы:

– 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай біздің мекемеде алғаш рет осында конкурс өткізілуде. Мақсатын айтады.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Тогжан Акмагамбетова