Өнеркәсіп

Аққайың ауданында 300-ге жуық кәсіпкер әйел бар

Галина Серикова – «Серикова» ЖК жетекшісі, Аққайың ауданы:

– Біз айына 1 тонна жартылай дайын өнім жасап шығарамыз. Әрине, ол тапсырыс берушілерге байланысты. Мәселен, кеше 120 келі тұшпара әзірледік. Тауарымыз сапалы әрі сұранысқа ие. Жыл сайын біз түрлі марапаттарға ие болып тұрамыз. Өзім үшін ең бағалысы – 2009-шы жылы алынған «Алтын сапа» марапаты.

Бүгінде бұл цехтың өнімдерін өңіріміздің бірнеше аудандары мен облыс орталығындағы және көршілес Ақмола облыстарының сауда нүктелерінен көруге болады.

Айгерім Ержанова, тілші:

– Манты, тұшпара және котлет. Күніне мұнда 10-нан астам жартылай дайын өнімнің 500 келісі дайындалады. Тауар қаптамаға салынып, дүкендерге жол тартқанға дейін олар бірнеше сатыдан өтеді.

Алдымен ұн салынып, қамыр иленсе, кейін фарш дайындалады. Мәселен, дәл қазір мына жердегі жұмысшылар 20 келі манты әзірлеу үстінде. Ол үшін нәзікжандыларға 10 келі тартылған ет қажет. Бір дана мантыға шамамен 25 грамм фарш керек екен.

Инна Петрова – өз ісінің шебері. Осы жерде 10 жылдан бері жұмыс жасап жатыр. Нәзікжанды күніне жүздеген манты мен тұшпара жапсырады екен.

Инна Петрова – «Серикова» ЖК бригадирі, Аққайың ауданы:


–  Мен мұнда цех құрылған күннен бастап істеп келемін. Жұмысым өзіме ұнайды. Алғашында тек тұшпара ғана әзірлейтінбіз. Қазір хинкАли, бәрәміш, вареник пен манты да жасаймыз. Біздің жұмысымыз тазалық пен ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан, біз бәрін талапқ сай орындауға тырысамыз.

Галина Серикова жыл сайын кәсібін дамытып отырады. Мәселен, 2015-ші жылы нәзікжанды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 1,5 млн теңге несие рәсімдеген. Бұл сомаға ол тұшпара дайындайтын арнайы құрылғы сатып алып, цехын кеңейтіп, тоңазытқыш бөлмесін салыпты. Бұл жұмысты нәзікжанды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Галина Серикова – «Серикова» ЖК жетекшісі, Аққайың ауданы:


–  Қазір біздің цехта бірнеше бос бөлме бар. Болашақта оны асхана немес дәмхана қылсам деген ойым бар. Өйткені, біздің ауылымызда ауқаттанатын жер жоқ. Мұнда іс-сапармен адамдар жиі келеді. Егін шаруашылығымен айналысаын жұмысшылар да баршылық.

Айту керек, қазір Аққайың ауданында 486 кәсіпкер бар. Оның 300-ге жуығы – нәзікжанды.

Айгерім Ержанова