Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Шуми Исаков – “Загот Интер” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:

– Даму қорының көмегімен қосынды аз уақыттың ішінде салдық. Несиенің 50 пайызын мемлекет субсидиялады. Қондырғыларды сатып алуға 1 млн доллар жұмсадық. Ал қалған қаржатқа нысанды тұрғыздық. Болашақта өндірісті кеңейтпек ойымыз бар. Онда шұжық өндіруді қолға аламыз.

Цехта орнатылған қондырғылар – германдық өнім. Қосында 9 тоңазытқыш бар. Мына біреуіне 30 сиырдың еті сыйып кетеді. Бүгін нысанның жұмысымен танысуға аймақ басшысы Ерік Сұлтанов келді. Қазіргі таңда цехта түйткілді мәселелер жоқ, дегенмен де шикізат тапшылығы байқалады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Ауыл шаруашылығы басқармасына маған дүйсенбі күні бұл кәсіпкер шикізатты қайдан алатындығы жайында есеп беруді тапсырамын. Күнделікті мұнда 100 бас мал әкелінетін болсын. Қазір еттің бағасы өсіп жатыр, себебі ресейліктер сатып алуда. Бірақ, ең бірінші кезекте етті ешқайда жібермей қайта өңдеуге беріңдер.

Бұдан соң өңір жетекшісі “Қызылжар су” ЖШС-ге бас сұқты. Кәсіпорынның бас инженері Сергей Визеров облыс әкімін екінші көтерілімдегі сорғы станциясында жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен таныстырды.

Сергей Визеров – “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

– Бұл – негізгі сорғы станциясы. Оның арқасында қала тұрғындарына таза ауыз суы жеткізіледі. Осы жылы қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, “Грунфус” фирмасының үш бірдей жаңа сорғысын орнаттық. Оның көмегімен ресурсты үнемдеп, нық жұмыс істей аламыз.

Сондай-ақ, Ерік Сұлтанов су тазартқыш ғимаратта да болып, осында атқарылған жұмыстармен танысты.

Сергей Визеров – “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

– 2016-шы жылы біз бірінші көтерілімдегі сорғы құрылысын ауыстырдық. Мұндағы құбырдың диаметрі – 1200 мм. Сондай-ақ, оңтүстік коллекторда да құбыр ауыстырдық. Қазір онда диаметрі 800 мм-ікті орнаттық.

Осы ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов қыс пен жаз айларында тұрғындарға су қалай жеткізілетіндігін сұрастырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Суточная подача воды какая?


– Суточная подача воды в зимний период – порядка 30-40 тысяч воды. В летнее время 60-70.

– Какие потери у нас?


– У нас потерей больших нету – 17 процентов.

– Это в пределах нормы.

Жұмыс сапарының соңында өңір жетекшісі “Петропавл жылу желілері” кәсіпорнына да соқты. Қазіргі таңда желілердің жалпы ұзындығы 233 503 шақырымды құрайды. Серіктестіктің еншісінде 52 сорғы станциясы бар. Өткен жылы “Петропавл жылу желілері” кәсіпорны жөндеу жұмыстарын жоспардан асыра орындапты.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

– Жоспар бойынша біз күрделі жөндеу аясында 12,6 шақырым желі салу керек болатынбыз. Бірақ, 14,7 шақырымын орнаттық. 4,7 км-ге жылу оқшаулау жүргізудың орнына оны 10,4 шақырымына жасадық.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Қазір жылу изоляциясы қуатты және оны Петропавл қаласында жасаймыз. Сол себепті шаһар тұрғындары салып жатқан магистарльдарды 50-70 жылға шыдас беретінін білулері керек.

Айта кету қажет, монополистер биыл 12 мың 604 шақырым жылу желісін алмастыруды жоспарлауда.

 

Риат Шони