Спорт

Облыс орталығында ұлттық спорт түрлерінен ашық есік күні өтті

Ал мына залда ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетуде. Қазақша күреспен айналысатын жас балуандар келген қонақтарға жаттығуларынан үзінді көрсетіп, жекпе-жек те ұйымдастырды.

Нұрбек Каиржанов – Жұмабек Тәшенов атындағы 20-шы орта мектеп оқушысы:

– Өткен жылы ашық есік күнінде болып, қазақша күрес жайлы көп мәлімет алдым. Маған бұл спорт түрі ұнайды.

Жалпы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аталмыш шараны екінші мәрте ұйымдастыруда.

Венера Жакина – Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:

– Бүгін бізге қонаққа 3 білім ошағы келді. Балалардың басым бөлігі – бастауыш сынып оқушылары. Дәл осы жаста спортқа деген қызығушылық оянады. Өткен жылы ұлттық спорт түрімен шұғылданатын балалар саны артқан болатын. Биылғы жылы да осындай мақсатқа жетеміз деген ойдамын.

Іс-шара соңында бірқатар оқушылар спорт секцияларына жазылғысы келетіндерін айтты.

Меруерт Жұмажан – Жұмабек Тәшенов атындағы 20-шы орта мектеп оқушысы:

– Маған өте қатты ұнады. Мен осы спорт түрімен айналысқым келеді.

Аружан Келденова – Жұмабек Тәшенов атындағы 20-шы орта мектеп оқушысы:

– Мен тоғызқұмалақ және асық ойындарын тамашаладым. Болашақта асықпен айналысқым келеді.

Эльмира Садуакасова