МТРА жаңалықтары

ІІО нәзік жандыларын келе жатқан әйелдер мерекесімен құттықтады

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Бізде полковник, подполковник, майор шенін тағынған, басшылық қызметті де жақсы атқарып жүрген әйелдер бар. Олардың жұмысы өте ауыр. Заңбұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды ашуға зор үлес қосуда. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның үстіне әрқайсысының үйінде жұбайы мен балалары бар. Сондықтан, осы екі істі қатар алып жүрген нәзікжандыларға алғысымды айтып, мерекемен құттықтаймын.

Құттықтау сөзден кейін, гендерлік саясат жайы қозғалды. Өткен жылдың соңында елімізде отбасылық гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданыпты. Ол құжат гендерлік теңдік стратегиясының орнын алмастырған екен. Әйелдерді қорғау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алина Орлованың айтуынша, жоба отбасында ер мен әйелдің тең рөл атқаруын көздейді.

Алина Орлова – «Әйелдерді қорғау орталығы» ҚБ төрайымы:

– Мысалы, қазақстандық отбасыны алайық. Әйел әрі жұмыс істейді, әрі үй шаруасымен айналысады. Ал ер азамат тек жұмыс істейді. Ал мына концепцияда әкенің отбасындағы рөлі аттырылып отыр. Яғни, ата-ана жұмыстан келген соң, үй шаруасын да бірлесе атқарып, бала тәрбиесімен де бірге айналысуы тиіс. Құжатта мұның барлығы айқын көрсетілген.

Жалпы нәзік жандыларға қандай мадақ айтсаң да жарасады. Сондықтан, көктеммен таласа құлпырған әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтаған ішкі істер органдары оларға гүл мен театрға билет сыйлады.

 

Магжан Ахмадина